Төленова Қаракөз Дидарқызы, 1992 жылы туған, педагогика ғылымдарының магистрі (2016), әл- Фараби атындағы ҚазҰУ Медицина және денсаулық сақтау факультеті Жоғары медицина мектебінің іргелі медицина кафедрасының аға оқытушысы. Төленова Қ.Д. 2014 жылы ҚазҰУ биология және биотехнология факультеті биофизика және биомедицина кафедрасының «5В060700-Биология» мамандығы бойынша бакалавр және 2016 жылы «6М011300-Биология» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. . 2019 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің «8D05101-Биология» мамандығы бойынша докторантураға түсіп, 2022 жылы бітірді. 2015 жылы Алматы қ., ҚРМУ медициналық биохимия кафедрасына биохимия пәнінің оқытушысы болып қабылданды. 2016-2017 жж атындағы C.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ университетінің стратегия және корпоративтік даму бөлімінің маманы болып жұмыс істед. 2017-2018 жж C.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ университетінің молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында биология пәнінің оқытушысы болып қызмет атқарды. 2014 жылы Стамбул, Түркия, Босфор университетінде тағылымдамадан өтті. 2021 жылы Түркияның Нииде қаласындағы Нииде Омер Халисдемир университетінде біліктілігін арттыру курсын аяқтады. 2022 жылы Түркияның Нииде қаласындағы Нииде Омер Халисдемир университетінде тағылымдамадан өтті. 18-ден астам ғылыми еңбектердің авторы және бірлескен авторы.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Қызығушылығы